Мегполисте республикалық репродуктивті денсаулық апталығы басталды. Статистикаға сүйенсек 15 және 19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 60% - дан астамы жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан хабарсыз және жоспарсыз жүктіліктің алдын алу әдістерін білмейді. Осылай деген мамандар іс-шараның көздегені осы сынды түйіткілдерді тарқатып, мәселені шешуге күш салу дейді. Енді олар апта бойы жасөспірімдермен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Жастар жағы жыныстық сауаттылықтан ада, жоспарсыз жүктілікке бейім, тиісті маман кеңесіне жүгінуге құлықсыз деп айыптауға асықпаңыз. Биылдың өзінде 18 мыңнан аса жеткіншек жастар денсаулық орталығына жүгініп, тиісті тексерістен өткен. Бұл сан өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп.
СӘУЛЕ ДҮЙСЕНБАЕВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Өздерінің қалауынша ЖДО-ға барып барлық мәлімет ала-алады. Кеңес беріледі. Анонимді түрде. Әр баламен сацологтар мен психологтар жұмыс істейді. Биыл 1,5 есе жастардың жүгінуі көбейген.» - 01:11, 00:07 – «Оның ішінде 50 пайызы уоролг пен гениколгтың кеңесіне жүгінген.» -
Ерте жүктіліктің алдын-алу, жыныстық инвекциялардан сақтану жайы мектеп қабырғасында да түсіндіріледі. Тиісті мамандармен кездесулер ұйымдастырылып, ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары жүреді.
ГҮЛНӘР ДӘРІБАЕВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Бұл маңдағы тақырыпты біздің сынып жетекшілеріміз, психолгтарымыз және шақырылған тиісті мамандар өте жұмсақ түрде жанамалап жеткізеді.» – Сол кездесу барысында дәл осы сұрақтар талқыланады ғой. Мынандай жағдай болғанда кміге жүгіну керек, оның қандай белгілері бар?» Бұл барлық мектеп пен коледжтерде жұмыстар жүргізіледі.»
Апталық барысында тиісті мамандар отбасын жоспарлау, әйел-ер денсаулығы, бедеулік пен белсіндіктің алдын алу, адам папиллома вирусымен күресу жайында үгіт насихат жұмыстарын жүргізеді. Іс-шараға 15-24 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдерді, сондай-ақ ата-аналар қоғамы мен білім беру қызметкерлерін тартып, ақпараттандыру көзделген.
БАЯН ЖАНДОСОВА, ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ
– «Бүгін міне бастамасы, ертең әйелдермен кездесеміз. Репродуктивті денсаулық жайлы айту. Отбасыны қалай жоспарлау керек.. Келінге де күнде айта берсең ұғады ғой. Солай әйелдермен жұмыс істесек нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын.»
Баспасөз отырысы ары қарай сұрақ-жауап форматына жалғасты. Спикерлер журналистер жолдаған сауалдарға жеке-дара тоқталып, жауап берді.