Шымкент қаласының Психикалық денсаулық орталығы жастар арасында сауалнама жүргізді. Білім басқармасына қарасты мектеп оқушылары мен колледж студенттері наркологиялық жағдайды бағалау мақсатында ғылыми зерттеуге қатысып, белсенділік танытты. Бұл зерттеу республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бастамасымен жүргізілді.
ESPAD зерттеуінің 1-кезеңі сауалнамаға қатысуға арналған ақпараттандырылған келісім. Зерттеуге Шымкент қаласының 10 мектебі мен 3 колледжі кездейсоқ іріктеліп таңдалды. Нәтижесінде Психикалық денсаулық орталығының мамандары әр мектептен 50 оқушы және колледждерден 10 студентке сауалнама жүргізді.
СЕРЖАН ЖАНАЗАРОВ, ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ
Бұл зерттеу республикалық ұлттық зерттеу ғылыми практикалық орталығының бастамасмен жүргізілуде. Зенрттеуге Қазақстан бойынша 20 өңір, 9500 жасөспірім оқушылар қатысуда. Зерттеу нәтижелері жастар арасында психоактивті заттарды таралуы мен тұтыну деңгеінің нақты көрінісін алу күтілуде. СОндай-ақ зерттеу нәтижелері балалар мен жасөспірімдер арасында психоактивті заттарды қолдану, алдыналу іске асыру іс-шаралары құру және іске асыруда пайдалануы да мүмкін.
Психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері сауалнама жүргізбес бұрын алдымен оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізеді. Жиналыс барысында зерттеудің мақсат-міндеттері түсіндіріледі. ESPAD жасөспірімдер арасында психобелсенді заттарды тұтыну бойынша әлемдегі ең ipi халықаралық зерттеу жобасы. Оған әлемнің 40-тан астам елі қатысады.
ЛАУРА САДЫҚОВА, ПСИХОТЕРАПЕВТ-НАРКОЛОГ
Зерттеу нәтижесінде жастар арасында психоактивті заттың таралуы мен тұтыну деңгейінің нақты көрінісін алу көзделген. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері балалар мен жасөспірімдер арасында психоактивті заттың қолданудың алдын алу бағдарламаларын құру және іске асыруда пайдаланылуы мүмкін, осы саладағы саясат бағыттарын әзірлеуге негіз бола алады деп күтілуде.
Еуропалық жобаның мақсаты – әр түрлі елдеріндегі жастар арасында алкоголь, темекі, наркотик және басқа да заттарды тұтыну бойынша салыстырмалы түрде деректер алып, профилактикалык шара әзірлеу. Зерттеу екі, төрт жылда бір рет өткізіліп, 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді қамтиды.