Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ықпалымен 182 азаматтың құқығы қорғалды. Оның ішінде, 103 –і сыртқы байқау қорытындысымен реттелсе, 42 қызмет алушыға жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрықтар ұсынылған.


Мәселен, қызмет алушылар жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекітуден бас тартылғаны туралы Департаментке арызданған. Анықталғандай 2023 жылғы 1 маусым – 27 шілде аралығында

42 қызмет алушымен «Е-лицензия» порталы арқылы жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту үшін бөлімге өтініштер беріліп, қызмет көрсетуші тарапынан қолданыстағы заңнама талаптары сақталмай, қызмет көрсетуден бас тартылған. Сонымен қатар қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жобасы жолданбай, тыңдау рәсімдері өткізілмеген. Жүргізілген тексеру нәтижесінде Департамент тарапынан тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заң бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау туралы ұсыныс енгізілді.


ДАРХАН СУРТЕКОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ