Ауылдарға таза су жеткізу жобалары созылып кетті. Бүгін Олжас Бектенов жауапты министрлерді осылай деп сынға алды. Қазір ауыз сумен қамту жұмыстарына жемқорлардан қайтарылған қаржыдан да тартылып жатыр. Дегенмен, кейбір шалғай ауылдарға орталықтандырған су жеткізу мүмкін болмай тұр. Өнеркәсіп және құрылыс министрі саладағы мәселені толық шешу мүмкін емес деді. Себебін әріптесім ретімен жеткізеді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің мәліметі бойынша қалаларда тұратын халықтың 99,3 пайызы, ал ауылдағы ағайынның 97,5 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарының қалаларында судан мәселе жоқ. 260 шағын ауылдық елді мекен құдық суын пайдаланады. Кейбір шалғайдағы ауылдарға арнайы көлікпен тасымалданады. Дегенмен су мәселеесін түбегейлі шешу әзірге мүмкін емес деді министр.
ЕРСАЙЫН НАҒЫСПАЕВ ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ
Елдегі демографиялық өсім мен жыл сайын су құбырларының тозуына байланысты халықты 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі жылда өзекті болып қала береді. Осы себепті бұл бағыттағы жұмыс келешекте өзге бағдарламалар шеңберінде жалғасатын болады.
Биыл республикалық бюджеттен және Арнаулы қордан сумен жабдықтау бойынша 442 жобаны іске асыруға 183 млрд теңге бөлінді. Ұзындығы 8,5 мың шақырымнан асатын қолданыстағы желілерді реконструкциялау және кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді. Биыл 53 елді мекенге орталықтандырылған ауызсу жүйесі алғаш рет қосылады. (КСМ) Дегенмен кестеден кешіккен жобалар да бар. Премьер-министр Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын мысалға келтіріп, салғырттықтың себебін сұрады.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ
Екі себеп болды. Біріншіден жылдан жылға бюджет тарапынан қаржы толық бөлінбеу. Екіншіден мердігерлер сапасыз және уақытылы жұмыс істемеу. Қазір мердігерлермен жұмыс істедік. Жұмыстар қазір кестеге сәйкес жүріп жатыр. Биылғы жылы жоспарлап отырмыз Көп жұмыстарды биыл аяқтаймыз. Келесі жылы қабылдау жұмыстарын жүргіземіз.
- Қаражат бөлінді. Бәрін тездету керек.
- Түсінікті.
Халыққа тазартылып жеткізілген суды үнемдеу мәселесі де өзекті. Қазір қайта тазартылған ауыз суды пайдалану тәртібі кезең кезеңімен енгізіліп жатыр. Тіршілік нәрін ең көп тұтынатын ауыл шаруашылығында да үнемдеу технологиясын пайдаланғандарға мемлекет тарапынан қолдау қарастырылған. Тіпті қарапайым халық та суды барынша аз тұтынса тариф арзанырақ болады.
АСАН ДАРБАЕВ ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ
1-топ 3 текше метрге дейін тұтыну қолданыстағы тариф қолданылады. Екінші топ 3 тен 5 текше метрге дейін. Тариф 20 пайызға жоғары. Үшінші топ 5 – тен 10 текше метрге дейін. Тариф 50 пайызға жоғары. Төртінші топ. 10 текше метрден жоғары тариф 100 пайызға жоғары.
КСМ: Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов климаттың өзгеруі, суды тұтыну көлемінің артуы және су ресурстарының тапшылығы жағдайында үнемдеу технологияларын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету ол өте маңызды мііндеттердің бірі. Бұл мемлекет басшысының тікелей бақылауында тұр. Қажетті қаражат Республикалық бюджетте көзделген. Өңір әкімдіктері жыл соңына дейін қолданыстағы барлық жобаларды іске асыруды қамтамасыз етсін.
Қазір Ұлттық су ресурстары ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Платформа спутниктер мен гидропосттардан, есепке алу құралдарынан алынған деректерді біріктіріп, елдің су қорын басқарудың бірыңғай цифрлық кеңістігін жасайды. Болашақта сала толық цифрландырылмақ.
ЖОБАЛАР САНЫ – 442
БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ – 183 МЛРД ТЕҢГЕ
ЖӨНДЕЛЕТІН ҚҰБЫР ҰЗЫНДЫҒЫ – 8,5 КМ
АЛҒАШ РЕТ АУЫЗ СУ ТАРТЫЛАТЫН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР – 53