Қаланың тазалығы әр тұрғынның өз қолында. Ол үшін сенбілікке шығып, көше сыпырудың керегі жоқ. Бастысы өз аулаңды реттесең болғаны. Тұран ауданында үйінің алдына қоқыс төгіп, шаһардың ұсқынын құртып отырғандарға рейдтік шара ұйымдастырылды.


Басты мақсат: Шымкенттің тазалағы. Әкімдіктің ұйымдастыруымен полиция қызметкерлерінің көмегімен тазалық шаралары жүргізілді. Игі іске жергілікті тұрғындар да атсалысты. Мобильдік топ бас біріктіріп жауапсыз тұрғындардың қақпасын қақты. Оларға үйінің алдындағы көше бойына тастаған қоқыстарын тазалауды ескертті. Оған құлақ аспағандарға келесі жолы арнайы әкімшілік айыппұл салынатынын жеткізді. Жол жиегінде жатқан құрылыс қалдықтары көшенің сәнін құртып тұр. Сондықтан соны жою басты міндет.


СҮЛЕЙМЕН ҚАМБАРОВ, БЕЛСЕНДІ

Кейбір Қазығұрт мөлтекауданы тұрғындары біз алдын ала ескертіп кеткенімізге құлақ аспай осындай қоқыстарды алмай жатыр. Рейдтік шара қоқысттарды алмай жатқан адамдарға ескерту беріп келешекте алынбаса айыппұр арқалайды