Биыл Түркістан қаласында 159 көше жөнделеді. Жыл басынан бері оның 41-іне яғни, 44,6 шақырымы орта жөндеуден өткен. Бұл туралы қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы баспасөз отырысында мәлімдеді. Одан бөлек, шаһар басшысы рухани астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне тоқталып, инфрақұрылым, құрылыс, білім, денсаулық саласында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті.
ГҮЛНАРА АСҚАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Түркістанда өткен жылы 47,1 шақырым жол ретке келтірілген. Нәтижесінде, қанағаттанарлық жолдардың үлесі 50,3%-ға жеткен. Жұмыстар биыл да жалғасып отыр.
ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жалпы қалада инфрақұрылым саласында оң өзгерістер жетерлік. Шаһар халқы ауыз сумен 100 пайыз қамтылса, электрмен – 99,5 пайыз, табиғи газға – 98 пайыз қол жеткізіп отыр. Ал, 36,5 пайыз кәріз жүйесімен қамтылған. Бұл көрсеткіштерді жақсарта түсу мақсатында қала әкімі бірқатар ауқымды жұмыстардың қолға алынғанын айтып өтті.
ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
ГҮЛНАРА АСҚАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Жыл басынан бері қаланың жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрап, жан басына шаққанда 663,5 мың теңгеге жеткен. Ал, өнеркәсіп саласында 40 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 25 млрд. теңгені құраса, құрылыс жұмыстарының көлемі – 299,3 млрд. теңгенің төңірегінде. Сонымен қатар, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 434,6 мың шаршы метрді құрауда. Сауда айналымы 157,9 млрд теңгеге жетсе, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 490 млрд теңгені құрап отыр.