Шымкент қаласында еліміздің аумақтық қорғаныс құрылымдары арасында жауынгерлік даярлық шеңберінде спорттық жарыстармен басталған оқу-әдістемелік жиынның салтанатты ашылуы өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының биылға арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Ал кеше өңірлік қолбасшылықтар аумақтық әскерлері бөлімдерінің басшылары және аумақтық қорғаныс бригадалары командирлері арасында волейбол жарысы басталды. Оған бес команда қатысты.
Жарысқа әр өңірден келген әкімдік өкілдері белсене қатысты. Командалар шапшаңдық пен ептіліктерін танытып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Турнирдің басты мақсаты – азаматтық қорғаныс, әскери дайындық пен қауіпсіздік мәселелеріне назар аудару және қызметкерлердің командалық рухын нығайту.
ЕРЖАН САРТПАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КӨМЕКШІСІ-ПОЛКОВНИК
Бүгін Шымкент өңіріне кезекті оқу-әдістемелік оқу жаттығуға жиынға келіп, жиналып жатырмыз. Әр өңірден жұмылдыру басқармасы және аумақтық және азаматтық басқармасының өкілдері Алматы қорғаныс бригадасының командирлері барлықтары шоғырланып біліктілігімізді арттырып жатырмыз
Жүлделі бірінші орынды Шымкент қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері иеленді. Екінші орын Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне бұйырды. Ал үшінші орынды облыс, қала әкімдерінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі көмекшілері алды.
БАҚЫТЖАН АШИМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АУМАҚТЫҚ БРИГАДАСЫНЫҢ КОМАНДИРІ-ПОЛКОВНИК
Қазіргі сәтте, осы кезде 5 команда тқұрып, оқу-әдістемелік жиынға қатысушылардың арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылып жатыр. Бұдан кейінгі күндері әдістемелік сабақтар өткізіледі және практикалық іс- қимылдарды көрсететін болады.
АСҚАР РАХМЕТҰЛЫ, АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ, ГЕНЕРАЛ-МАЙОР
Жылына осындацй жиын өткіземіз. Бұл жиында жыл бойы істеген істерді талқылап, қандай жетістіктерге жетті. Одан ары нығайту үшін қандай іс-шаралар жүргізу керек осы жиында осының ибәрі талқыланады
Жеңімпаздарға арнайы кубоктар мен алғыс хаттар табысталды. Жиын алдағы күндері оқу-жаттығу полигонында тактикалық іс-қимылдармен жалғасса, сондай-ақ «Ақтас» оқу орталығында атыс дайындығынан арнайы сынақтар тапсырылады. Бұл жаттығулар әскери қызметшілердің практикалық машығын арттыруға, түрлі қауіп-қатер жағдайларына шұғыл әрекет ету қабілетін жетілдіруге бағытталған.