Астанада бокстан әлем кубогы басталды. Жаһандық жарысқа 30-ға жуық елден 300-ден аса спортшы келген. Бұл олимпиадалық World Boxing ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы.


30 маусым мен 6 шілде аралығында өтетін бәсекеде ел намысын 20 спортшы қорғайды. Ерлер және әйелдер командасы толық құрамда жұдырықтасады. Қатарында шымкенттік Махмұд Сабырхан да бар. Жерлесіміз алғашқы қарсыласын ойсырата ұтып келесі айналымға шықты. Кореялық боксшымен кездескен Махмуд Сабырхан қарсыласқа мүмкіндік бермеді. Үш төреші де шымкенттік боксшының жеңісін тіркеді.