Былтыр Қазақстан бойынша 700-ден астам адамға санавиация арқылы жедел көмек көрсетілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас травматологы Олжас Бекарысов хабарлады. ((КЕСТЕ)) Дәрігерлер 536 шақыртуға тікұшақпен барған. Соның арқасында 747 адам уақытылы көмек алды. 527 адам ауруханаға жеткізілсе, 46 науқасқа сол жерде ота жасалыпты. Жалпы жедел жәрдем бригадалары 1 жылда 740 мыңнан астам жарақат алған адамдарға көмек көрсетсе, соның 47 мыңы жол көлік оқиғасы, - деді ол.
:
САНАВИАЦИЯЛЫҚ КӨМЕК – 536
КӨМЕК КӨРСЕТІЛГЕНДЕР – 747
АУРУХАНАҒА ЖЕТКІЗІЛГЕНДЕР – 527
ОТА ЖАСАЛҒАНДАР – 46
ЖАРАҚАТ АЛҒАНДАРҒА КӨМЕК – 741 728
ЖОЛ АПАТЫ КЕЗІНДЕ ЖАРАҚАТТАНҒАНДАР – 47 000