Amanat партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Қоршаған ортаны қорғау және тазалықты насихаттауға бағытталған іс-шараға партияның қалалық және аудандық филиалдарының қызметкерлері, жастар мен коммуналдық мекеме жұмысшылары, сондай-ақ, тұрғындар қатысты. Акция аясында 70-тен аса адам бірігіп, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Бұл жолғы тазалық жұмыстары Еңбекші ауданы аумағындағы №30 мектептің маңайында өтті. Акция барысында шашылған қоқыстар жиналып, бей-берекет өскен шөптер орылды. Ағаштар бұталып, түптері әктелді. Нәтижесінде мектеп айналасы аумақ тұрғындары мен оқушылар үшін әлдеқайда жайлы әрі қауіпсіз ортаға айналды.
МАҚСАТ ЖОЛДАСБЕКОВ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ
Эко-акция жыл басынан бері 25 рет ұйымдастырылып, оған 2 500-ге жуық адам қатысқан. Ауқымды шара нәтижесінде қала аумағынан 23 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылып, 200-ден астам ағаш көшеті отырғызылған.
ЖАНСҰЛУ СИХАМБЕКОВА, «ЕҢБЕК» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Amanat партиясының «Таза бейсенбі» акциясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен жылдан бастап қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының аясында жүзеге асырылып келеді. Оның негізгі мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғауға деген азаматтық жауапкершілікті арттыру.