1 бала 7 мекеменің үйірмесіне тегін жазылып, 1 педагог -5 жерде бірдей жұмыс істеп келген. Мұндай келеңсіздіктерге жол берілмеуі тиіс. Осылай деген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қоғамдық кеңес, кәсіпкерлер палатасы мен прокуратураның қатысуымен ваучерлік жүйені талқыға салды.
Белгілі болғандай ваучер енді ұйымға емес, балаға бекітіледі. Бұл спорт, шығармашылық және білім бағыттары арасында еркін ауысуға мүмкіндік береді. Яғни, бала басқа үйірмеге ауысқан жағдайда берілетін қаржыландыру есебі сақталып, қайтадан кезекке тұру талап етілмейтін болады. Енді олар 12 санат бойынша кезекке қойылады. Қатарында әлеуметтік осал топтағы және ерекше білім беру қажет ететін балалар да бар.
Әсіресе, кезекте алыс, шет аймақтардағы бүлдіршіндердің барлығын қамту мақсат етіліп отыр.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ал, неге қаланың орталығында тұратын 90 пайыз бала қала орталығындағы балалар баруы керек, неге шапырашты, текесудың балалары бармауы керек? Мен қазір ғана айтып өттім, бірде бір мүгедектігі бар, ерекше қажеттілігі бар бала қабылданбаған. Біз тарифті төмендеткеніміз жоқ
Ресми дерек бойынша оқу жылы аяқталғанға дейін қалада 254 мың бала түрлі үйірмелермен қамтылып келген. Зерделеуді бастағаннан кейін бұл оқушылардың саны 125 887 балаға төмендепті. Енді аталған жүйе енгізілсе, бұл көрсеткіш 20 мыңнан аса балаға азаяйын деп тұр. Енді кәсіпкерлерге талап күшейтілмек.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
10 млрд жуық теңге ақша бізге қосымша білім беруге тек осы жеке өнім жеткізушілерге жұмсалады. 10 млрд дейтін оңай ақша емес. 3 мектептің ақшасы. Біз бұл жерде сапалы өнім ұсынылғанын қалаймыз.
Жиын барысы дискуссиямен жалғасты. Өзгеріске толы жүйені келген тараптар ортаға салып, көкейде жүрген сауалдарын әкім орынбасарына жолдап, пікір алмасты. Айта кетейік, пилоттық жобаны Республиканың 5 өңірі жүзеге асыруды бастады. Олардың қатарында Астана, Шымкент, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе бар.