Сарыағаш ауданы еліміздегі агро сектор саласының қозғаушы күшіне айналып келеді. Мұнда еліміздегі жылыжай шаруашлығының 43 пайызы орналасқан. Қазір аудандары жылыжай көлемі 797 гектарға жеткен. Жергілікті дихандар көкөністен бастап Цитрустық жемістердің түр-түрін өсіреді.
«Агротур» ЖШС Тұрсын Тасходжаев басқатарын серіктестік 2017 жылдан бастап жылыжай шаруашылығымен айналысып келеді. Бастапқыда барлық жұмыстар қолмен атқарылған. Тіпті көшетті де өзге елден әкелген. Қазір барлығын өздері өндіреді. Алыс-жақын жет елдерге барып, тәжірибе жинақтаған. Ол жақтан ең озық деген технология алып келген. Соның арқасында барлық жұмыс автоматтандырылған жүйеге көшкен.
ТҰРСЫН ТАСХОДЖАЕВ, «АГРОТУР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Түркиядан әкелінген қондырғы пластик ұяшықтарға көңді салып, көкөніс тұқымын сеуіп толық дайындап береді. Автоматтандырылған құрылғыны елімізде алғаш болып осы серіктестік әкелген. Көкөніс көшетінен бастап барлық жеміс-жидек пен тіпті декоративті ағаштардың да өскіндерін әзірлеуге қауқарлы. Кешен ерте көктемнен қара күзге дейін шаруаларға қажетті көкөніс көшетін өсіреді. Қазір еліміздің барлық өңірін қамтамасыз етіп отыр. Ауыл шаруашылығы саласына ғылым мен озық технологияны батыл енгізгенде ғана өнімділік те жоғары болады
НҰРПОЛАТ ТАЛИПОВ, САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бренд болып қалған осы жылыжайлар болып тұр біздің ауданда. Негізінен жылыжайда ерте пісетін көкністер өндіріледі. Соңғы кезде ситрусовый өнімдер өндіріліп жатыр. Соның ішінде Лимон, Апелсин, Киви сондай экзотикалық өнім өндіріп жатыр.
Шипалы суымен танылған Сарыағаш ауданы бүгінде жылыжай мекеніне айналды. Ол жерлерден жыл онекі ай көкөніс өнімдері өндіріледі. Қызанақ пен қияр, құлпынай брендке айналған. Шаруалар енді көкөніс көшеті мен гүлге субсидия берілсе өндірістік жылыжай көлемі бұдан да ұлғайып, нарықта бәсекеге қабілеттілік артар еді, дейді.