Сарыағаш ауданы 13 ауылдық округке бөлінеді. 62 елді мекен бар. Ол жерлердегі коммуналдық мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Мемлекеттік «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы шалғай ауылдардағы қордаланған мәселелердің шешімін табуына негіз болып отыр. Жолдар салынып, жарықшамдар орнатылды. Ауыз су, көгілдір отын мәселесі де реттелген. Аяқ жолдар қажет деген жерлерге төселіп жатыр. Бір сөзбен айтқанда ауылдағы ағайынның әлеуеті жақсарып келеді.
Түркістан облысында ауыл ажарын ашу мақсатында арнайы «Үлгілі ауыл» жобасы қолға алынған. Нәтижесінде жұрт өздері тұрған елді-мекендерді көркейтіп, таза ұстауға дағдыланып келеді. Асарлатып көшелерді тазалап, қураған шөптерді орады. Жасыл желектерді көбейтіп, ауылдың көркейуіне атсалысады. Осындай ауылдағы ағайынның ауыз бірлігінің арқасында Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық окургіне қарасты «Мәдениет» ауылы 2024 жылы облыстық байқауда екінші орын алып, өзгелерге үлгі болып отыр.
ӘНУАР СЕРІКБАЙҰЛЫ, МӘДЕНИЕТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Мәдениет ауылы деген өзі атына лайықты ел болдық. Атына лайықты ел болуды өзі осы ауылдың азаматтарының арқасы. Жастардың арқасы. Қариялар бәріміз ұйымдасып Қазақстан бойынша таза ауыл дегенге ат салыстық. Ішкіліксіз ауыл деген де шықты . Ауыл ақсақалдары көтеріп оны жастар қодап құдайға шүкір. Қазір елдің алдындамыз.Облыстан 2 орын алып жатқанымыз ауылымыздың бірлігі ынтымағының арқасында.Жолымыз жақсы светіміз газымыз жанып тұр.мәселеміз ағын су мәселесі.
Мәдениет ауылы ішкіліктен де бас тартқан. Тіпті үлкен жиын тойлардың өзі ішкіліксіз өтеді. Соның арқасында ауылда қылмыс мүлдем тіркелмеген. Ауылдан арнайы спорт алаңшасы да салынған. Бұның барлығы данагөй қариялардың ақылы мен парасаты, жастардың еңбегі, дейді ауыл ақсақалдары.
ӘБДУӘЛИ МАХАМБЕТОВ, МӘДЕНИЕТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Ауылымызда осындай спорт комплекстер салып берді.Өсіп жатқан жас балдарымызға рахат болды күніге кешке жиналып ойнап,күліп өсіп жатыр. Халқымыз өркендеп өсе берсін. Ел-жұрт бүкіл қазақстан халқы аман болсын!
Ауылдағы коммуналдық мәселе мен түйткілдердің шешілуіне «Ауыл партиясы» атынан облыстық мәслихатқа сайланған Қайрат Келесұлының қосқан үлесі орасан. Әрдайым ел ішінде жүретін депутат бұл жолы да сайлаушыларымен жүздесіп, көпшілік көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.
ҚАЙРАТ САЛЫБЕК, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ ПАРТИЯСЫ» САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Мен бұл жерде Сарыағаш ауданында қай ауылда қандай мәселе бар екенін мен жақсы білемін. Осы жердің тумасымын. Қазір біз облыстық байқауда 2 орын алған Мәдениет ауылына келіп тұрмыз. Бұл жерде облыстық мәслихат депутаттарының арқасында қазір мәдениет үйі салынып жатыр. Мектеп жағы 3-4 жыл алдын салынып біткен. Тағы да спорттық алаңдар салынған. Бұндай мәселелерді біз «Ауыл Партиясы»ауылдың мәселесін шешуге жүрміз
Шағын ғана ауылда заман талабына сай білім ұясы мен балабақша бар. Жолдар салынып, жарықшамдар орнатылған. Мәдниет үйі жаңадан салынып жатыр. Бұның барлығы мемлкет қолдауының арқасында жүзеге асқан игілікті шаруалар.