Қостанай қаласында тоғызқұмалақтан балалар мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты өтті. Ұлттық зияткерлік спорт түрінен ұйымдастырылатын дәстүрлі додаға еліміздің әр өңірінен келген үздік спортшылар қатысты. Жарыстың қортындысы бойынша түркістандықтар бірінші орынды иеленді.
Жүлдегер спортшыларды Шымкент теміржол вокзалында зор құрметпен қарсы алынды. Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің ұжым мен жеткіншектердің ата-аналары жеңімпаз спортшыларға ерекше ілтипат көрсетті.
ЫРЫСАЛЫ ҚАЙНАРАЛЫ, 1 ОРЫН (БЛИЦ), 2 ОРЫН (РАПИД)
Бұл жетістігімді мен өзімнің ата-анама және де ұстаздарыма арнаймын. Мен бұл күміс пен алтынды екі түрден алдым. Күмісті рапидтен, алтынды блицтен алдым. Бірақ, маған рапидтен алу қиынға соқты. Өйткені дәл осындай ұпаймен жинап қалғандықтаноныңкі басымырақ болды. Ал, блицте де осындай ұпаймен ме,н бірінші орын алдым.
Чемпионаттың басты мақсаты — тоғызқұмалақты кеңінен насихаттау, жастар арасында танымал ету және болашағынан үміт күттіретін жас зияткерлерді анықтау. Осы орайда Түркістан облысының спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өңір мерейін үстем етті.
АЙСӘУЛЕ БАХАДЫР, 1 ОРЫН (РАПИД)
Болашақта әлем чемпионы болу арманым. Мен рапидтен алтын алдым. Бір дарым жыл қатыстым.
Айта кетейік, бұл жетістік — облыстағы тоғызқұмалақ спортының жүйелі дамып келе жатқанының айқын көрінісі.