Елімізде SIM-карталарды сатып алу тәртібі өзгереді. Алдағы уақыта нөмірлерді дүкендерде сату тоқтатылады. Енді оны тек байланыс операторларының кеңселерінде және биометриялық тексеруден кейін ғана рәсімдей аласыз. Сондай-ақ ұялы телефон нөмірлерін eGov порталы арқылы да тіркеуге мүмкіндік бар. Тиісті түзетулерді Цифрлық даму министрлігі ә зірледі. Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Олжас Кабеновтың айтуынша, бірінші байланыс операторлары министрлікке өтініш береді. Кейіннен оларға нөмірлер жиынтығы жіберіледі. Содан соң барып тұрғындар SIM-карталарды сатып ала алады.