Республика аумағында соңғы төрт ай ішінде 3,5 мың тонна есірткі өнімдерді тәркіленген. Оның қатырында 259 кг синтетика, екі тоннаға жуық марихуана, 303 кг гашиш бар.
Тәртіп сақшылары 828 сату фактісін анықтап, 83 есірткі зертханасын жойған. 20 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген. Сондай-ақ заңсыз контенті бар 11 мыңнан астам сайт бұғатталған. Жауапты маманның сөзінше, сәуір айында осы бағыттағы бірқатар операция сәтті жүргізілген. Қосшы қаласында Ақмола облысының тумасы ұсталып, автокөлігінен 6,5 кг синтетикалық есірткісі алынған. Басқа өңірлерде де осыған ұқсас заңсыз әрекеттер анықталып, қылмыстың жолы кесілген.
ДАНИЯР МЕЙІРХАН, ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
- Ал Астана қаласында Ақтөбе тұрғыны ұсталды. Одан 2,5 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.»