Түркістан облысында өзгенің телефонын қолды қылған ер адам ұсталды. Сарыағаштық полицейлер жергілікті кафелердің бірінде ұрлық қылмысын ашқан. Белгілі болғандай, күдікті мейрамханада даяшы болып жұмыс істеген.


 Жәбірленуші тамақтануға келген кезде телефонын үстел үстінде ұмытып кетеді. Жас жігіт оны алып, сатып жіберген. Жәбірленушіге 160 мың теңгеге жуық шығын келтірген. Полиция қызметкерлері телефонды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.