Елімізде соңғы 4 айдың ішіндегі экономикалық өсім көрсеткіші белгілі болды. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы жалпы ішкі өнім өсімі 6 пайызды құрап отыр. Экономиканың негізі – көлік, сауда, ауыл шаруашылығы мен байланыс салаларының даму қарқыны жоғары.


Көлік саласындағы өсім саланың жалпы көлеміндегі үлестері тиісінше 20,5 % және 19, 6% -ды құрайтын теміржол мен құбыр көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер көлемінің ұлғаюуы есебінен қамтамасыз етілді. Жоғары динамика Түркістан (21,8 %) , Жамбыл (11,2 %) және Абай (14,9 %) облыстарында тіркелді. Бұдан бөлек, құрылыс саласында да ілгерілеушілік байқалады. Нақты жұмыс көлемінің индексі - 16,2 пайызды құрайды. Ал сауда саласы 7 пайыздық тұрақты өсуді көрсетіп тұр. Бұл салада Түркістан облысы көш бастады. Жеміс-жидектер мен фармацевтикалық тауарлар сататын кәсіпорындар есебінен 60,4 пайызға тең. Ауылшаруашылығы да оң динамиканы көрсетті.