Қазақстандық оқушылар Азия мемлекеттері арасында өткен физика олимпиадасынан 8 медаль жеңіп алды. Сауд Арабиясының Дахран қаласында ұйымдастырылған білім бәйгесіне 30 елден 240-қа жуық шәкірт қатысқан.
Халықаралық додаға елімізден 8 оқушы аттанып, төрт күміс және төрт қола медалін қанжығалады. Айта кетейік, аталған жарыс теориялық және эксперименттік күрделі тапсырмаларды қамтиды. Былтыр Қазақстандық оқушылар бір күміс, бес қола медаль жеңіп алған болатын. Ал биыл жас шәкірттер толық құрамда жүлде алып, жоғары нәтиже көрсетті.