Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік қазақстан педогогикалық университетінде ақын, композитор, қазақ тіліндегі тұңғыш заң жинағының авторы – Әкім Ысқақтың «Жақыныңды жоғалтпашы» атты шығармашылық кеші өтті.
Поэтикалық концерт жазушының осы атаумен шыққан жаңа туындысына негізделген. Кеш түндігін студенттер ақын өлеңдерімен түріп, сахналық қойылым көрсетті. Автордың сөзінше, биыл оның шығармашылығы үшін өнімді жыл. Алты айдың ішінде «Жақыныңды жоғалтпашы», «Әкемен сырласу», «Генералдың соңғы аманаты» атты үш туынды жазып, оқырманның оң бағасын алған. Кешке келген студенттердің айтуынша ақын өлеңдері талапкерлер арасында аса танымал. Кеңінен тараған. Тіпті, кейбір студенттер ғашығына өз сезімін Әкім Ысқақ тілімен жеткізеді екен.
ӘКІМ ЫСҚАҚ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АҚЫН
– «Сексенінші жылдары студенттер арасында «Бір физиктің махаббаты атты өлеңім жатқа айтылды. Сол арқылы жігіттер қыздарға сезімін білдіреді. Физика пәнінің мұғалімдері айтып жатыр. Студенттер әлі күнге сол өлең арқылы сезімін білдіреді деп.» «Бүгінгі студенттер де аға оқырманыңызбын деп сұрақ қойып жатады. МЕн оларға жауап беруге әркез дайынмын.»