Жасөспірімдердің қоғамға бейімделіп, өз ортасында озық ойлы болуы – ұстаздарға да байланысты. Сондықтан мұғалім әр баламен жеке сөйлесіп, оның ойын біліп отыруы керек. Көзқарасы айқын жастар оғаш әрекеттерден аулақ болады. Бұл суицидтік әрекеттің алдын алуға оң бағыт, дейді мамандар.


 Ұстаз – ұлттың айнасы. Балаға білім беріп қана қоймай, оның тұлға болып қалыптасуына мұғалімдердің еңбегі зор. Сондықтан көптеген оқу орындарында болашақ ұстаздарды баламен тең дәрежеде сөйлесіп, оның пікірін тыңдауға үйретеді.

 Психологтар өз ортасында еркін өскен бала жаңсақ түсініктерден аулақ болады дейді. Әсіресе жасөспірімдер өзінен үлкен адамдардың алдында қысылмауы тиіс.


 Баланың үнін есту – оның жанын құтқару. Әр Жасөспірім өз ойын ашық айта алатын орта – ең қауіпсіз орта десек, тыңдай білетін мұғалім – өмірді сақтап қалатын адам. Түсіну мен қолдау – суицидтің ең басты алдын алу жолы дейді мамандар.