Сала мамандарының айтуынша, елімізде трансплантация саласы тұралап қалған. Жылына саусақпен санарлық қана ота жасалады. Бүгінде Шымкентте 1400-ден астам адам ағза алмастыруды кезегінде тұр. Ал былтыр қала бойынша 87 адам донор күтіп, өмірден озған.
Қуаттың 2 жылдан бері бауыры семіп қалған. Жас жігіттің тағдыры қыл үстінде. Науқастың геніне сәйкес келетін донор тек әпкесі. Туғанына өз бауырын беріп, өміріне араша болатын жалғыз жан сол екен. Енді ота жасау уақытын күтіп жүрмін - дейді кейіпкеріміз.
ҚУАТ ҮСЕРБАЕВ, НАУҚАС
Шаншу қадалып, бетім көзім ысып кетті сол арқылы келдім. Тексерілдім, диагностикаға барып, бауыр деген диагноз қойып берді. Сол арқылы порталмен осы жерге келіп жаттым.
Қазақстанда Қуат сияқты донор күткендер саны 4000-ға таяды. Десе де, жылына небәрі тек 100-ге жуық операция жасалады екен. Оған себеп әрине донордың тапшылығы.
РАХЫМЖАН ЖОЛДЫБЕКҰЛЫ, ХИРУРГ ТРАНСПЛАНТОЛОГ
Бізде күту парағында тұрған мұқтаж жандар өте көп. Шымкент қаласының өзінде статистика бойынша күту парағында өткен жылы 87 адам күту парағындағы қайтыс болған.Ол бүйрек жетіспеушілігінен. Бізде специалистер акимат жағынан бас дәрігер жағынан толық мамандар дайын. Бірақ донор тапшылығынан біз адамдарға көмек бере алмай жатырмыз.
Ал 60 жастағы Паша Ибишов 2 жыл бұрын ауыр сырқатқа шалдығып, асқынған дерт бүйрегіне кері әсер еткен. Алайда нақты диагноз ешкім қоя алмаған. «Бармаған жерім қалмады. Шымкенттік дәрігерлер ғана дертімді анықтап, емдеді. Қазір жағдайым тұрақты» дейді.
ПАША ИБИШОВ, НАУҚАС
58 жасымда ауыр дертке шалдыққанымды білдім. Бармаған жерім жоқ. Турцияға да бардым. Алматыға да барып қаралдым. Бірақ ешкім нақты ауруымды ешкім білмеді. Сосын Шымкенттегі 1 қалалық ауруханаға келіп, осы жер нақты диагноз қойып берді. Бүйрек трансплантациялау керек екен. Балам өз бүйрегін берді. Қазір бәрі жақсы.
Паша Ибишовқа өз баласы донор болған. Алайда барлық науқасқа жақыны көмектесе алмайды. Туыстардың 100 пайыз донор болу сәйкестігі тек 25 пайызға жетер-жетпес дейді дәрігерлер. Ол болмаса мәйіттік донорды күтуден басқа амалдары жоқ.
ҚАЛДЫБАЙ ТЕЗЕКБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ТРАНСПЛАНТОЛОГ ҮЙЛЕСТІРУШІ
Ол ағзасын ауыстыруға жарайтын азаматтар бізде күту парағына жазылғандар. Ал күту парағына тіркелмегендер одан да көп. Осы біздің 18-63 жастағы қазақстандықтар егов сайтына кіріп өздерінің жеке кабинетіне кіріп жазатайым мәйіттік донорлыққа жараған жағдайда өзінің органдарын мұқтаж жандарға беруге келіседі келіспейді өз ойларын білдіру керек.
Мамандардың айтуынша 1 мәйіттік донор 7 науқастың өмірін аман алып қала алады. Бүгінде e-gov порталында қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығына келісім берген қазақстандықтардың саны 7000-нан асады.
ӘСЕЛ ЕРБОЛҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Қазіргі уақытта Қазақстанда трансплантаттауды күту парағында 4000-ға жуық адам болса, оның 1400 ден астамы Шымкент қаласында тіркелген. Соның ішінде 1300 адам бүйректі трансплантациялауды қажет етеді. 78 адам бауырды, 58 адам жүректі күтуде.