Шымкентте мемлекеттік сатып алу мамандарына арналған семинар өтті. Электрондық коммерция орталығы мен қалалық сатып алу басқармасының бірлескен іс-шарасында мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларындағы соңғы өзгерістер айтылып, түсіндірілді. Сондай-ақ, OMarket.kz электрондық дүкенінің жаңа функционалдары көрсетіліп, практикалық демонстрация өткізілді.


 Сатып алу саласындағы соңғы өзгерістер сөз болған семинарға мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың 200-ге тарта қызметкері қатысты. Оларға келісім шарттың алғышарттары, құжат айналымындағы жиі кездесетін қателер мен оны болдырмау жолдары жан-жақты түсіндірілді.


Сонымен қатар, семинарда OMarket.kz жаңа функционалдары көрсетіліп, практикалық демонстрация өткізілді. Қатысушылар электрондық дүкенінің интерфейсін өздері қолданып көріп, туындаған сұрақтарға нақты жауап алды.


Мұндай форматтағы іс-шаралар мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттырып, бюджеттік қаражатты ұтымды жұмсауға ықпал етеді дейді ұйымдастырушылар. Мұндай оқу курстары алдағы уақытта да жалғасады.