Шымкентте жастар арасында құқық бұзушылық өршіп тұр. Жыл басынан бері кәмелет жасқа толмаған 6 бала ұсталған. Арасында есірткі қылмысына қатысы барлар бар. Сонымен қатар ұрып соғу, ұрлық, алаяқтықтық жасағандар жазаланып жатыр. Жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында қала әкімінің орынбасары-ресми өкіл Сәрсен Құранбек, полиция департаментінің қызметкерлері мен прокуратура өкілдері №72 мектептің оқушыларымен кездесті. Құқық бұзушылық жайында сөз қозғады.


Кәмелетке толмағандар қылмыс жасамауы үшін олардың оқу-біліммен түрлі интерелектуалды іс-шарамен айналысқаны дұрыс. Белсенді жастардың ойы осы. Бүгін мектеп оқушыларына жауптылар жазғы демалыста уақытты тиімді өткізу, құқытық сауаттылықты арттыру бойынша жиын өткізді.


 БАЛЖАН ЖАРҚЫНБЕК, ОҚУШЫ

Бізге қазір шомылу туралы айтып өтті, сосын көпқабатты үйде болып жатқан апатты оқиғалар жайында айтып өтті және кешке жүру, жалып орын алып жатқан мәселелерді айтып ашып өтті деп айта аламын. Содан кейін есірткі мәселеесі де қозғалған болатын. Қазіргі таңда жасөспірімдерге осы нәрсені насихаттамау. Бір- біріне ұсыну бұл есірткі деген уақытша ләззат береді. Бұл біздің өмірге өте қауібін төндіретін туралы ақпараттар берілді.


 Заң өкілдерінің айтуынша Шымкентте кәмелет жасына толмағандармен жасалған қылмыс саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 227,6 пайызға өскен. Сонымен қатар оларға қарсы жасалған қылмыстар 58,1%, жыныстық қатынасқа қатысты қылмыс 27,3% артқан.


 БАҚЫТЖАН БАЙҒАЗИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ

 Өткен жылы 4 аймен биылғы жылдың 4 айымен салыстырғанда өсу бар. 29 құқықбұзушылық болған. Ал биыл 95 ке көтеріліп отыр. Бұл ұрлау, бірін бірі ұрып соғы немесе белгілі құжаитсыз көлік құралын айдау. Сонымен қатар алдау мәселелерімен құқықбұзушлықтар орын алып отыр. Биылғы жылдың өзінде 6 қылмыстық іс қозғалып ол бойынша үкім шығып отыр. Ол жерде жастардың есірткіні тарату мәселесі бойынша жауапкершілікке тартылып отыр.


 Жиынға қатысушылар жастарды еңбекке баулу қажеттігін айтады. Айтуларынша еңбек кодексінде он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол берілген. Ал қала әкімінің орынбасары, ресми өкіл Сәрсен Құранбек шомылу маусымында белгіленбеген орында шомылу қауіпті екенін ескертті.


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

Опат болған суға кеткен деген мәселені білдіреді. Сол себепті де біздің Шымкент қалалық ТЖД су орындарын мынау адам өмірі үшін қауіпті, бұл жерге шомылуға болмайды деп анықтап отыр. Солай емес па? Бұл жәй ғана түсуге болмайды деген сіздерге тыйым бердіру үшін немесе сіздердің құықтарыңызды шектеу үшін емес, сіздердің өмірлеріңіздің қауіпсіздігін ойлаған себепті осылай болып отыр.


Сауаттылықты дәріптейтін жиынға 300-ден аса мектептен 50 мыңға жуық оқушы мен ұстаз зум арқылы қатысты.