Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына көмек көрсетіледі. Ақтау қаласына Астанадан және Ресейден жеткен дәрігелрлер тобы аман қалған азаматтарға тиісті медициналық көмекті беріп жатыр. Ресейлік мамандар қажет болса  өз азаматтарын алып кетеді. Әйтсе де 7 адамның жағдайы өте ауыр деді кеше кешке өткен брифингте  Үкіметтік комиссияның төрағасы Қанат Бозымбаев.  

Ақтауда Үкіметтік комиссия жұмысын бастады. Министрлер мен ведомства басшыларының орынбасарларынан құрылған топ алдымен ұшақ құлаған жерге барып, ауруханадағы науқастардың жағдайымен танысты. Содан соң, штаб отырысын өткізіліп, құзырлы органдарға құтқару жұмыстарын жалғастыру, зардап шеккендерге қолдау көрсету және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша тапсырмалар берілді. Комиссия мүшелері бұдан кейін бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізіп, оқиғаның мән-жайын баяндады
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ҚР ПРЕМЬЕР - МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Өкінішке орай, ұшақта болған 67 адамның 38 і қаза тапты. Марқұмдардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Олар ресей, әзербайжан мен қазақстанның азаматтары. Апаттан тірі қалған 29 адам ауруханада ем алда. Бір бала мен 11 ересек адам жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Астанадан санавиациямен келген дәрігерлер жұмыстарына кірісті.     
Тілші: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, қаза тапқан Қазақстандық 6 азаматтың әлеуметтік мәртебесі анықталып жатыр. Соның аясында қажетті әлеуметтік көмек тағайындалады. Айта кетейік, 6 адамның 4 еуі Маңғыстау облысының, біреуі Қостанай, енді бірі Астана қаласының тұрғындары. Комиссия төрағасы Қанат Бозымбаев марқұмдардың отбасыларына тиісті көмек көрсетілетінін, жерлеу, мәйітті жеткізу жұмыстарын қолға алатындарын айтты.  
СНХ: МАРАТ ҚАРАБАЕВ - ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ
Аударма: - Бортта Әзербайжаннан 37 жолаушы болған. Оның 34і қаза тауып, 14 і аман қалды. Қырғызстаннан 3 адам болды, олар аман. Ресей Федерациясынан 16 жолаушы болған. Оның 7 еуі  қайтып, 9 ы аман қалды. Қазақстаннан 6 адам болған. Өкінішке орай, отандастарымыздың бәрі де қаза тапты. 5 адамнан құралған экипаж мүшелерінің екеуі қайтыс болды.  

ЖЕДЕЛ ТЕРГЕУ ТОБЫ ШЕТЕЛДІК МАМАНДАРМЕН БІРГЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР  

Тілші: Ұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу шаралары басталған.  Ведомство аралық жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиға болған аумақ қоршалып, бақылауға алынан. Тиісті сот техникалық және сот медициналық сараптамалар тағайындалып, зардап шеккендерден жауап алынуда.    
СНХ: ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ - ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ
- Біздің құтқарушылар оқиға орнына 8 минутта жетті. Сағат 11-34 те құтқару бөлімшесі мен медициналық апаттар орталығы мамандары өз міндеттерін жоғары дәрежеде орындап шықты. Қазір жұмыс жалғасуда. Жедел тергеу тобына көмектесіп жатырмыз. Әжербайжан мен Ресейден келген әріптестеріммен жұмысты жалғастыратын боламыз.   
Тілші: Комиссия мүшелері ұшақ апатына қатысты алдын ала болжам айта алмады. Төтенше оқиғаның нақты себебі тергеу амалдарынан кейін белгілі болмақ. Ал, қылмыстық істің тергелуі Бас прокурордың бақылауында.