Ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер ел дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді. Әсіресе қайырымдылық шаралардан қалыс қалмайды. Апаттан зардап шеккен өңірлерге ассамблея өкілдері алғашқылардың бірі болып қол ұшын созды. Қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестік өкілдері жылды қорытындылады.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова алқалы жиынды өзі жүргізіп отырды. Отырыста қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер баяндалды. Модератор қала аумағында этносаралық ахуалды жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар жайын сөз етті. Жыл басынан бері қалалық Ассамблея мұрындық болған шараларға 41 мың адам қатысқан.
АЙГЕРІМ ЖҰМАҒҰЛОВА, ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ЖАСТАР ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Мұндағы біздің түпкі мақсат қала аумағындағы қоғамдқ келісімді сақтау арқылы жалпы ұлттық бірлікті бекемдеуді көздеді. Жоғарыда айтылған іс шаралардың 11 не ғана бюджеттен қаржы қаралды.
Жиын барысында келер жылы қалалық ҚХА тарапынан жоспарланған негізгі басымдықтар мен міндеттер де жарияланды. Алға қойған жоспарды жүзеге асыру жағы талқыланды.
ТАХИРБЕК НИШАНБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Президентіміздің ассамблея төрағасының тарапынан тапсырылған жобалар бойынша біздің қаламызда көпьтеген іс шаралар атқарылды. Жалпы мақсат ынтымақ үлгісін келер ұрпаққа қалдыру.
Сондай ақ басқосуда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар, қайырымдылық жұмыстарын үйлестіру жолдары айтылды. ҚХА тарапынан әзірленген 13 арнайы жобаны сапалы орындау, қоғамдық құрылымдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Жиын соңында қала аумағында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті бекемдеуге үлес қосқан бірқатар белсенді азаматтарға қала әкімінің Алғыс хаты табысталады.