Облыс әкімі аппаратына жаңа басшы келді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев тағайындалды. Облыс әкімі өңірді дамыту бағытындағы жоспарлар мен міндеттерге тоқталып, тағайындалған аппарат басшысына жаңа тапсырмалар жүктеді. Қызметіне сәттілік тіледі.
Еркебұлан Дауылбаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Бұған дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымдарында еңбек еткен. 2020-2021 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, 2021 жылғы тамыздан ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болған. 2023 жылдан бастап қазірге дейін Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.