Отан қорғау – ер азаматтың борышы. Осы ұранды бетке алған жас жауынгерлер Шымкент гарнизонының 10216 бөлімінде әскери ант қабылдады. Салтанатты шараға қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың туыстары мен жақындары қатысты.
Саптық алаңға қаз-қатар тізіліп, отан алдындағы отты борышын мінсіз атқаруға атн берген 30 жас сарбазды бөлім командирлері мен туыстары, достары тамашалады. Олар жақын арада еліміздің оңтүстік әуе шекараларын қорғауға кіріседі.
Бір ай ішінде армияның негізі мен басты қағидаттарын ұққан жігіттер, салатанатты рәсімді нақты және ұйымдасқан түрде өткізді. Қатардағы жауынгер Нұрдәулет Рахымберді «Берілген антқа адалдық таныту, басты міндет» дейді. Алғашқы әскери дайындық курсынан өтіп, онда өз қызметі туралы базалық білім алған сарбаз, әскери өмірге бой үйрете бастағанын айтады.
Салтанатты рәсімді Ту тобы бастаған офицерлер, сержанттар мен сарбаздар құрамы салтанатты шерумен түйіндеді.