Шымкенттіктер берілген көгілдір отынды пайдалана алмай отыр. Ауылға газ келді деп атойлаған қарашаның қуанышы су сепкендей басылған. Көше бойына жеткізілген табиғи газды үйге дейін жеткізуге азаматтардың қауқары жетпей отыр. Айтуларынша, «QAZAQ GAZ AIMAQ» АҚ тарапынан талап та күшейген. Қағазбастылықтан қағажу көрген халықпен тілшіміз тілдесіп қайтты. Бірге көрейік.  
Майра Мәмбетова – Қайнарбұлақ саяжайында 10 жылдан бері тұрады. Талай уақыт от жағып, күл шығарып әбігер болған. Қарашадағы жаңалық бір ғана Майра апайды емес, осы маңдағы мыңдаған отбасыға қуаныш сыйлаған еді. Бірақ тұрғындардың қуанышы көпке созылмады.
 МАЙРА МӘМБЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
- Ноябрьдің 20-сына берілген газ. Содан газ келді, үйге қосып ала саламыз деп көмір түсірмеген халық. Енді оның себебі мынау Газдан техусловия шығарылмай жатыр. оның себебін сұрасаң, халық көп, құжат дайындау оңай емес дейді.
Тұрғындар қағазбастылықтан да қажыған. Жергілікті жердегі «Қазақгаз Аймақ» АҚ техникалық шартты да уақытылы жасап бермей отырған көрінеді. Ол аз болғандай, үй ішінде газ қондырғысы орнатылмайынша көгілдір отын ас-ауқат үшін де берілмейді. Мамандар бұл мәселені оқыс оқиғалардың көбеюімен байланыстырып отыр.
 ЕЛДАР ҚУАНДЫҚОВ, «QAZAQ GAZ AIMAQ» АҚ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- 100 пайыЗ тұрғынүйлер дайын болмаса, және қондырғылар орналытмаса, табиги және улы газға қатысты сигнализациялар болмаса газ қосылмайды. +01:16 Техникалық шар 5 жұмыс күнінде дайын болуы керек. Азаматтар өздері де барып тексерсе болады.
 Мәселемен жергілікті әкімдік те құлағдар. Қайнарбұлаққа жеткізілген газ үй ішіне кірмей тұрғаны – тұрғындардаң әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты деп отыр.
БҰҚАРБАЙ ПАРМАНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ
- Мынау қазақгаздың өзінің техникалық шарттары бар. Әр тұрғын соны орындауы керек. Қыс кезінде қайғылы жағдай орын алды.
Осылайша қайнарбұлақтықтар келіп тұрған көгілдір отынның шарапатын көре алмай отыр. Оған себеп құжаттандыру ісінің баяулығы мен талаптың қатаңдығы. Мамандар заң негізінде әрекет ету керектігін алға тартып отыр. Ал жергілікті халыққа өз қамдарын өздері жасау қажеттігі ту