Елде аса ауыр қылмыс жасайтындар қатары азайған. Алайда, есірткі қылмысы өршіп тұр. Осылай деген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі мен қала прокуратурасы бастама көтеріп, қоғамдағы тәртіп пен қылмыс санын төмендету мақсатында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты дөңгелек үстел өткізді. Заң саласының өкілдері әділдік пен тазалық қағидаттарын қалыптастыру мәселелерін ортаға салып, пікір алмасты.


Дөңгелек үстелге спикерлер арнайы шақыртылған. Қаланың зиялы қауым өкілдерінен бастап, мемлекеттік орган, спорт, дін, өнер иелері мен еріктілер де осы қатардан табылады. Жиында келелі ой айтылып, пікірлер ортаға салынды. Алғашқы болып құқық қорғау органдары қызметкерлері сөз алып, адалдық пен заңға құрмет қалыптастырудағы өздерінің рөлі мен жауапкершілігін айрықша атап өтті.


СЕРІКБАЙ НҰРЖАН, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ САТЫҒА ҚАТЫСУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Барлықтарынызға бергілі үкімет заң мен тәртіп тұжырымдамасы бекітілген соның аясында мемілекет басшысы 23 сыншы маусым күні құқық қорғау кенейтілген алқалы мәжілісінде осы 23-27 ші маусы аралығын заң мен тәртіп аясында өткізу бастама берген


Бүгінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Естеріңізде болса, мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде маусым айының 23-27 аралығын заң мен тәртіп аясында өткізуді тапсырған.


ЖАНДОС БЕКАСАНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Республика бойынша жүріп жатқан іс-шара жақында призидентіміз айтып өткендей заң мен тәртіп ол әр азаматтың борышы сондықтан осы бірлесе жүмылып жасаған жұмысын одан нәтиже шығады деп үміттенеміз 01:04


Жемқорлық дертімен күресті дін өкілдері мен еріктілер де қолдай келген. Олар әсіресе жаз мезгілінде алыс-жақын аймақтарға демалысқа шығатындардың рұқсат етілмеген кітаптарды көптеп елге кіргізуіне қатысты пікірлерін ортаға салды. Әсіресе, жастар жағы құқықтық сауаттылықты назарға алуы тиіс, -деді.


БАХТИЯР ӨНЕРБАЕВ, ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бүгінгі жалып жасалып жатқан іс шара орынды керек дүние қоғамдық көшбасшылар жинап оларды жастарды орта буын азаматтарды түсіндіру ақпарат түсіндіру жұмыстары жүргіземіз


Іс-шара аясында келушілерге жемқорлыққа қарсымыз деген қағиданы үгіттейтін суреттер назарға ұсынылды. Айта кетейік, бұған дейін жемқорлық індетімен күресті жастар сурет арқылы көрсетіп, байқау ретінде ұйымдастырған. Дөңгелек үстелде барлық сала өкілдері бірлесіп, әділдік пен адалдық қағидаттарын кеңінен таратып, күш салуға ниетті екенін білдірді.