Шымкент қалалық Достық үйінің ғимаратында «Этномедиация: Этносаралық келісім мен татулықтың жолы» тақырыбында медиация апталығының қортынды жиыны өтті. Апталық аясында тәжірибелі медиаторлар тұрғындарға кеңес беріп, татуластыру рәсімдерін көрсетті. Тақырыпты тілшіміз сабақтасын.
Медиация апталығы – бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған, ел ішінде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды жоба. Аталған апталық қалалық ҚХА жанындағы этномедиация кеңесі мен қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының бірлесіп, ұйытқы болуымен қолға алынған.
ДАНА КЕНЖЕҚҰЛОВА, ҚАЛАЛЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ЭТНОМЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
Бүгін ерекше іс-шара өткізіп жатырмыз. Бұл ең алдымен этно-мәдени медиацияны дамыту. Өздеріңіз білесіздерАссамблеяның сессиясында биыл мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев этно-медиацияны татуласуда алытн орны зор екенін және де жергілікті атқарушы органдар мен ішкі істер органдарынатапсырма берген болатын. Яғни, ары қарай дамыту туралы.Медиация апталығының басты мақсаты барынша азаматтарға насихаттау
Апталықта – қоғамда орын алған дау-дамайларды сотқа дейін шешіп, тараптарды ортақ келісімге келтіру жайы дәріптеледі.
ЕРКЕН ОТАРБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН КӘСІБИ МЕДИАТОРЛАРЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Медиаторлар мен жергілікті медиаторлармен жұмыс атқарамыз. Яғни, сотсыз сотқа жеткізбей дау-дамайды шешудің амалдары. Бұл жерде халыққа тиімді жағын жеткізу. Бірінші кезекте қарым-қатынасты сақтап қалу адамдардың арасындағы
Жиында дауларды соттардың араласуынсыз тиімді шешудің жолдары, медиацияның құқықтық тетіктері мен қоғамдағы рөлі жайлы жан-жақты мағлұматтар ұсынылады. Сонымен қатар заңгер мен эксперт-блогерлерге, «этномедиация татулық пен келісім құралы» жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Қатысушылар медиация соның ішінде этномедиация жайлы ашық пікір алмасып, спикерлерге сұрақ қоя алады.