Қоғамда мемлекеттік тілді білмейтін, меңгеруге құлық танытпайтын азаматтар бар. Тіпті қазақ тілінде тілдесуге шақырсаң дүрсе қойып, құқығымды аяқ асты етпе деп кінәлайтындар да табылады. Өзге тілге иек артып, ана тілін шетке ысыратындар да кездесетіні жасырын емес. Қазақ тілінің қоғамдағы хәл-ахуалын Қанат Жолдасбек біліп, зерттеп көрген еді. Сюжеттен көрейік.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ:
Иә, бір қарағанда айыбы жоқ, талқыны қажет етпейтін жағдай. Бірақ, Мүсіреповше айтсақ, "тіл салақ сөйлегеннен бұзылады." Шли, черезшур, даже, тоже, любой, общым, привет, как раз! Айта берсең көп енді мұндай паразит сөздер. Жат сөздер, жанымызға жағып, санамызға сіңіп кеткелі қашан. Ендігі қалыпты жағдайға айналған.
АҚЖОЛ ҚАЛШАБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі үстем болу керек. Ол өзінің несін көрсетпеу керек. Әр азамат соны сезіну керек. Кез келген жерде өзінің қазақ тілін қолдануға тырысу керек. Әр адамның аузын аңдып тұрып, қолынан жетектеп қазақша сөйлету дұрыс метод деп ойламаймын. Бірақ менің бір қарсы нәрсем жасанды түрде мәселені көтеріп ушықтыруға да болмайды. Одан да мәселелер жақсы болмайды.
Дін ізгілікте, иман – жүректе. Мемлекеттік тіл діннен алыстатпайды, керісінше ұлттық діңгекті берік етіп, болмысты бекітеді. Осылай деген наиб имам Ахметжан Керімбек әсіре діншілдікке салынып, баламасы бар сөздерді арабша қолданатындарды сынға алды.
АХМЕТЖАН КЕРІМБЕК, БАС ИМАМНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Иншала, Субаханалла, Алхамдуллила, я болмаса ифтар деп те айтып жатады.» «Негізі негізі бұл сөздердің қазақ тілді мағыналары бар. Оны да беймарал қолдана беруге болады. Мәселен, ифтар дегенді ауызашар деп қолданамыз»
Мақтай отырып мақтамен бауыздады Тимур Пак. Ұлты кәріс азамат қазақ тілді мектепте қазақ балаларын тәрбиелейді. «Тіл үйрену қиын деген жай сылтау ғана» - дейді кейіпкеріміз.
ТИМУР ПАК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Қазақ тілі ең керемет қызықты тіл деп айта аламын. Қазақ тілін мен 1 жасымнан бастап әліппені үйрендім, сосын маған қызық бола бастады. Сосын 5-7 сыныпта Абай Құнанбаевтың қара өлеңдерінен сайыс болды.Сол А.Қ өлеңдерінің жеңімпазымын қазіргі таңда.
Деректер былай дейді: Апта сайын бір тіл тіршілігін тоқтады. 1 жылда 26 тіл ұмытылады. Бұл ЮНЕСКО ұйымының болжамы. Сол тілмен бірге діл, дін, дәстүр, бүтіндей бір ұлт жойылады екен.
Әлемде 7000-нан аса тіл бар. Ең бай тіл араб тілі. 12 млн 300 мың сөз бар. Екінші ағылшын - 750 мың сөз. Үшінші 650 мың сөзі бар қазақ тілі.
Сіз қаласаңыз, түзелсеңіз темір де қазақ тілінде сөйлейді. Бірақ банкоматтың алдына келгенде ана тіліңді ақшаңды алып кетер алаяқтай көретініміз бар.
Міне кездейсоқ сұраған 4 адамның үшеуі өзге тілді құп көреді. Демек банктердің сарапшылық қызметіне тұтынушылар қазақ тілін жиі таңдамайды деген есеп түседі. Заңдылық. Банк қайтеді? Тұтынушы қай тілді жиі таңдайды, ақпарттар легін сол тілде көп тарата бастайды. Бұл жерде өзімізге өкпелеуіміз керек.
Тағы бір түйіткіл. Тілге түскен тағы бір қиқым қауіп бар.
Осындай олқылықтардың алдын алу үшін елімізде мемлекеттік тілді тегін оқытатын орталықтар жұмыс істейді. Арнайы бағдарламалар түзілген. Шымкентте 1997 жылдан бастап тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы жұмыс істейді. Бұл жерде мамандар тегін тіл үйретеді. Жыл басынан бері 230 адам қазақ тілін үйренуге өз қалауымен өтініш берген.
ГҮЛМИРА ЖАНЫСБЕКОВА, ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Жалпы біздің орталықтың жұмысының өзіжаңағы мен тіл білгім келеді деген азаматтардың барлығын тегін оқыту. Біздің қалада көп адам біле бермейді ғой, мұндай орталықтың барын. Сіздер тегін оқытасыздар ма деп бізге таң қалады. Біздің орталық тегін оқытады.
Орталықтың қызметін алу үшін жай ғана осында келіп өтініш қалдырсаңыз болғаны. Үйренгісі келгендердің саны 10 адамнан асса, мекеме қызметкерлері сізге өзі хабарласып, сабақ уақытын белгілейді. Мұнда қазақ тілінен бөлек ағылшын, орыс тілдері де тегін оқытылады.
ЖАЗИРА ОҢЛАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ
Қазіргі таңда қуантатын жайт, өзге этнос өкілдері қазақ тілін үйренгісі келеді. Оларға ең біріншіден қызық. Өздерінің айтатындары бар, біз қазақстанда тұрғаннан кейін қазақ тілін білуіміз керек дейді. Өйткені біз жұмыс барысында болсын, көпшілік орындарда біз оларды түсінгіміз келеді. Бізде дайын болуымыз керек деп айтып түсіндіреді.
Луизаның пікірінше, қазақ тілі қазақтың ғана тілі емес. Қазақстанда өмір сүретін барша этносқа ортақ тіл. Сондықтан да ол мемлекеттік тіл курсына өз еркімен жазылып, оны меңгеруге құлық танытқан.
ЛУИЗА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Менің есімім Луиза, жасым 27-де. менің ұлтым татар. Маған қазақ тілі жұмысқа керек. Фармацевт болып жұмыс жасаймын.
Еске сала кетейік, өңірдің мәдени өміріне тыныс берген Тулипп холл ғимаратының атауы көпке ұнамады. Президент тұрғындырдың пікіріне құлақ асып, сарайды «Қызғалдақ» деп атады.
«Айтпақшы, Шымкенттің бір топ азаматы Конгресс-холды «Tulip Hall» деп атамай, бұл ғимаратқа «Қызғалдақ сарайы» немесе «Қызғалдақ» деген атауды беру жөнінде ұсыныс айтып жатыр. Меніңше, орынды пікір, келісуге болады. Олай болса, сарайдың атауы «Қызғалдақ» болсын»
Көрдіңіз бе? Сұраныс пен талаптың тілі қандай болса, нәтиже де сондай. Сөйлеймін дегеннің тілін өз тісі немесе құнтсыз ісі ғана тежеуі мүмкін.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ:
Тілсіз келген білімнің түбі нағыз қиғылық,
Көсегесін тілімнің көтеремін ту қылып,
Дәулет деген ұғыңдар, бүгін болса ертең жоқ,
Тілің болса күнің бар, тіл болмаса түк те жоқ.
Осындайда 27 жыл бойы түрі үшін түрмеде отырып, тіл мен ұлт мәселесін ұлы құндылыққа балаған Оңтүстік Африка республикасының 8 һәм алғашқы қара нәсілді президенті Нелсон Манделаның: «Егер салт-дәстүріңмен ана-тіліңнен айырылсаң, онда шекараңды алып тастай сал. Бәрібір енді нең бар сенің қорғайтын» деп қорқыта айтқан қатты сөздерімен қорытындылаймыз. Алаштың әр азаматы ана тілін анасындай ардақтап, әкесіндей асқар тұтса қазақ үшін алынбайтын қамал, бағынбайтын белес болмаушы еді.