Шымқала кештері көңілді. Өйткені апта сайын мәдениет қызметкері шаһардың көрнекті орындарында өнер көрсетіп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Мәселен, кеше ғана Сүгір атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі Шымсити саябағында концерт беріп, келушілерге рухани қуат сыйлады.
Ұлт-аспаптар окестрі классикалық шығармаларды орындады. Сондай-ақ концерт барысында дәстүрлі әншілер жеке ән шырқап, құлақ құрышын қандырды.
МӘДИ ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ, ДИРИЖЕР
«Жалпы мақсаты Шымқала тұрғындарына көңіл-күй сыйлау. Түрлі жанрдағы шығармалар орындалады.»
Концерттің хабарландыруын көріп, амфитеатрға асығатындар көп. Апта сайын өтетін ашық аспан астындағы бағдарламалар көрерменсіз қалмайды. Өйткені мұнда кәсіби мамандар өнер көрсетеді.
ЖОЛАМАН ӘБДІМАНАП, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Концерт болады дегенді естіген соң отбасымызбен келдік. Концерт те саябақ та ұнап жатыр. Басқа да келушілерге ұнап жатыр деген ойдамын.»
Айта кетейік, «Шымқала кештері» апта сайын дәстүрлі түрде өтеді. Жаз айын тиімді пайдаланып, тұрғындарға үш ай бойы көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.