«Қуаныш» лагері. Бұл балалардың жүрегінен ерекше орын алған жазғы сауықтыру орталығы. Демалыс аймағына бұл күнде еліміздің түкпір-түкпірінен оқушылар келіп жазғы демалысын көңілді өткізіп жүр. Балалардың жер ұйығана айналған лагердің тынысымен арна тілшісі танысып қайтты.
Жаз мезгілінде бұл демалыс орнына еліміздің барлық аймақтарынан 4 мыңға жуық бала келеді. 9 – 14 жас аралығындағы оқушылардің әр күніне арнайы жоспар түзіліп, бала көңілін көтеруге бағытталған бағдарлама бар. Бір қабылдауда 11 топқа бөлінеді. Балғындар 10 күн таудың таза ауасын жұтып бұлақ суымен толтырылған қауызға шомылады. Табиғаты өз алдына тәрбиешілері де білікті мамандар.
САЛТАНАТ ШАНАРБАЕВА, «ҚУАНЫШ» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Біздің тәрбиешілер де жүректеріне жақын тартып балдардың көңілінен шығуға барын салып тұрады. Қазақстан халық қорынан Қызылорда, Түркістан облыстарынан Созақ Мақтаралдан демалушылар келіп тұрады.
Демалыс орны жұмысын бастағалы 3 жылдың ішінде 10 мыңға жуық бала осы аймақта демалған. Балғындар жаңа достар тауып, лагерден жағымды әсер алған. Қазір қызықпен күн өткізіп жүрген оқушылар өз әсерлерімен бөлісті.
ҰЛДАНА ТИМУРҚЫЗЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Қызылорда қаласынан №257 орта мектептен келіп тұрмын. Қуаныш лагері өзінің көрікті әсем табиғатымен мен үшін ең бірінші орында тұр. Қазіргі таңда бізге бес мезгіл тағам береді. Түрлі түрлі ойындар болып жатыр. Жетекшілеріміз бізге деген ыстық сезімдерін жүрекпе,н білдіріде.
АЙСАНА ТІЛЕУБАЙ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Маған ең ұнағаны осы жердегі состав болады. Қуаныш лагерінің қызметкерлері Бірінші күннен бастап бізге жылы жүзбен қарсы алып ыстық ықыластарын көрсетті. Жаңа достар тауып спорттық шараларға қатысып жүрміз.
«Қуаныш» лагері Төле би ауданында орналасқан. Шыбық тықсаң талға айналатын тамылжыған табиғаты, балғындарды қызықтырмай қоймайды. Тау бөктеріндегі демалыс аймағы балалардың денсаулығына оң әсер етеді. Ал білікті тәрбиешілер оқушыларды топтасып жұмыс істеуге, достықты ту етуге баулиды. Қуаныш лагері жас балалардың жерұйығы.