Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында голландиялық раушан гүлдер өсіріле бастады. Жеке инвеститциялық жобаның құры 1 миллиард теңгеден асады. Қазір 1,5 гектар жерге 105 мың түп раушан гүлі отырғызылған. Шаруалар болашақта жылыжай көлемін ұлғайтып, жылына 10 миллион дана гүл жинау жоспарда бар.
ҚАНАТ ЖҮНІСБЕК, ТІЛШІ
Жылыжайдың ішіндегі жайқалған райхан гүлдердің иісі еріксіз елтіп алып кетеді.1,5 гектар жерде 105 мың түп голландиялық роза гүл көшеті отырғызылған. Бұл жерде 10 түрлі гүл бар. Қазір ішкі нарыққа жөнелтіліп жатыр. Барлығы заманауи технологиямен егілген.
Махабаттың символы болған раушан гүлдерінің көшеттері Голландиядан әкелінген. Көшеттер тез жерсініп кеткен. Шаруалар жылыжайға тың технология ендіріпті. Заманауи құрылғылар компютер көмегімен басқарылады. Ауыл шаруашылығы саласына ғылым мен озық технологияны батыл енгізгенде ғана өнімділік те жоғары, болады дейді дихан.
ДАНИЯР ҚАЛТАЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТЫҢ ІС БАСҚАРУШЫСЫ
Біз нөлдік технологиядан бастаймыз. Тұқым себуден дайын өнімге дейін.Бізде осының бәрі қамтамасыз етілген толық циклды. Бұл енді тек оңтүстік Түркістан облысы деп айтпаймын Қазақстан бойынша алдыңғы қатарлы шаруашылықпыз.
Жылыжайда жалпы 10 түрлі раушан гүлі бар.Көздің жауын алатын әсем гүлдер ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп отыр. Болашақта жылыжай көлемін ұлғайтып, шет елге де жөнелту жоспарда бар.Шаруа қожалығы бүгінде бірнеше ауыл азаматын тұрақты жұмыспен қамтып отыр
МИНОВАР КАРИМОВА, ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Осы жерде істеп жатқанымызға 6-7 жыл болды. Біріншіде помидор қияр еді. Міне осы 2 жылдан бері гүл егіп осы гүлді істеп жатырмыз. Гүлдеріміздің качествасы жақсы. Арысы Өзбекстан бүткіл Қазақстан бәріне кетіп жатыр гүл очретпен кетіп жатыр гүліміз жақсы.
Сарыағаш ауданында еліміздегі жылыжай шаруашлығының 43 пайызы орналасқан. Қазір аудандағы жылыжай көлемі 797 гектарға жеткен. Жергілікті дихандар көкөністен бастап цитрустық жемістердің түр-түрін өсіреді.
НҰРПОЛАТ ТАЛИПОВ, САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бренд болып қалған осы жылыжайлар болып тұр біздің ауданда. Негізінен жылыжайда ерте пісетін көкөністер өндіріледі. Соңғы кезде цитрусовый өнімдер өндіріліп жатыр. Соның ішінде лимон, апелсин, киви сондай экзотикалық өнім өндіріп жатыр
Тынымсыз еңбектің арқасында шипа суымен танылған Сарыағаш ауданы бүгінде Раушан гүлдің мекеніне айналып келеді. Шаруалар көкөніс көшеті мен гүлге субсидия берілсе өндірістік жылыжай көлемі бұдан да ұлғайып, нарықта бәсекеге қабілеттілік артар еді, дейді.