Жыл басынан бері Түркістанға 1млн-нан астам турист келген. Бұл ретте шетелдік қонақтардың саны 23,2 мың адамды құрап отыр. Ал, салаға тартылған инвестиция көлемі 61,9 млрд теңгеге жеткен. Брифингте қолға алынған жобалар туралы сөз қозғаған қала әкімі алдағы жоспарларымен де бөлісті.


Түркістанды туристер мекеніне айналдыру мақсатында бірқатар жобалар қолға алынған. Осы орайда, Қолөнершілер мен Күлтөбе қалашығы бой көтеріп, аквапаркі бар қонақ үй кешені сынды туристік нысан салынып жатыр.


ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Баспасөз отырысы барысында шаһар басшысы арнайы экономикалық аймақта 9 жобаның жүзеге асырылып жатқанын айтты. Нәтижесінде 2956 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Ал, индустриалды аймақтағы 23 жоба аясында 961 адам жұмыспен қамтылған. Бұл ретте, шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен ірі кәсіпорындар құрылып жатыр.


ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сонымен қатар, аймақта биыл 12 жаңа мектептің құрылысы басталды. 4 бірдей білім ошағы күрделі, жетеуіне ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Денсаулық сақтау саласында 27 мың тұрғынға қызмет көрсететін емхана мен оңалту орталығының құрылысы қыза түскен. Бұл да инвестиция есебінен.