Сондай-ақ, бүгін Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды. ((КСМ)) Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев журналистерді құттықтап, олардың қоғам мен мемлекет арасындағы маңызды рөлін атап өтті. Байқауға 100-ден астам жұмыс ұсынылған. Арнамыздың «Ақпарат» қызметінің тілшісі Азамат Нұғыманов «Үздік телематериал» номинациясы бойынша, ал видеооператор Советхан Жағиев «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі» үшін марапатталды. .
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Обмен-ДЖ-снх ашимбаев-00/01 Еліміз үшін қазір өте жауапты кезең. Президент бастамасымен кешенді реформалар жүзеге асырылып жатыр. Экономика саласында әртараптандыруға бағытталған үлкен кешенді жұмыстар жүргізілуде.+00/27 Кешенді жүйелі, жан-жақты реформалар жүзеге асырылып жатқан кезде бұқаралық ақпарат құралдарының тарапынан қолду сүйемелдеу өте маңызды деп қабылдаймыз