Тәртіп сақшылары Ұлттық домбыра күнін тойлауды бастап кетті. Түркістандық полицейлер мереке қарсаңында қазақтың адуынды күйлерін жарыса тартып, ұлттық әндерді нақышына келтіре шырқады.


Қызметі мен қатар өнерді серік еткен облыстық полиция департаменті өкілдері Құрманғазы, Тәттімбет, Байсерке, Қазанғап, секілді саңлақ күйшілердің өнерін жалғап, жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады. Полиция аға лейтенанты Нұржан Абдраманов “Әлқисса” және “Салтанат” күйлерін орындаса, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Шадияр Жұманов “Адай” күйін тартып, “Сәйгүлік” әнін орындады. Ақпараттық саясат бөлімінің қызметкері Абдрахман Зұлпыхарұлы “Тау ішінде” әнін әуелете шырқады. Ал облыстың танымал өнерпаздары Мағжан Тойшыбай мен Азамат Құдайбергендер полицейлерге патриоттық көңіл-күй сыйлады. Осылайша аталмыш шарада салт-дәстүріміздің маңыздылығын дәріптейтін, қазақи болмысымызды паш ететін композициялар насихатталды.