Еуразиялық даму банкінің Қазақстандағы инвестициялық портфелі 7,2 млрд долларға жетті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен банк кеңесінің отырысында айтылды. Барлығы 116 жоба бойынша келісім жасалған. Оның 43і қазір жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы Еуразиялық даму банкінің жалпы инвестициялық портфелі 16,5 млрд долларға жеткен. Биыл да бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жоспар орындалды. Жаңа қол қою көлемі 2 млрд доллардан асты. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданды. Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкі Кеңесінің төрағасы болып сайланды.