Шымкентте «Елін сүйген жауынгер – ер болады» тақырыбында қалалық семинар өтті. Қаланың қорғаныс істері департаменті ұйымдастырған іс-шараға алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің оқытушылары қатысты. Басты мақсат - өзара тәжірибе алмасып, жас өренге берер ақпарат пен тәлім жүйесін жетілдіру.

 Іс-шара мектеп қабырғасында орналасқан мұражайға экскурсия жасаумен басталды. Қатысушылар Ұлы қолбасшы  Бауыржан Момышұлының ерлік жолын, оның сіңірген еңбегі мен ел тарихына қосқан үлесін бейнелейтін экспонаттармен танысты. Семинардың негізгі бағдарламасы жастардың әскерге шақырылғанға дейінгі дайындықтарын пысықтау. Алғашқы әскери және техноголиялық даярлық сабақтарына дайындаудың практикалық және теориялық аспектілерін ұштау. Қатысушылар жеке қорғану құралдарын қолдану, АК-74 қаруынан атуға ыңғайлану жаттығулары мен мотоатқыштар бөлімшесін ұйымдастыру және оның ұрыстық мүмкіндіктері бағамдау сияқты бағыттарды зерделеп, пысықтады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жастардың Отанға деген сүйіспеншілік сезімін дамытып, патриоттық дағдыларын жетілдіреді.