Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 4 тақырып қаралды. Алдымен жол саласында жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары баяндалды.
Бұл ретте жоба құнын негізсіз арттыру тәуекелдері, тиімсіз жоспарлау, өнім берушілерді анықтау кезіндегі тәуекелдер, қосымша шарт жасасу арқылы сомаларды ұлғайту, сапасыз жұмыстарды қабылдау тәуекелдері анықталған. Ал, білім беру ұйымдарындағы есеп-қисаптағы сыбайластықты жою мақсатында бірыңғай цифрлық есептеу жүйесін автоматтандырудың пилоттық жобасы енгізілген. Сонымен қатар отырыста жемқорлық қылмыстары үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы айтылды. Комиссия төрағасы Дархан Сатыбалды мәселелер бойынша барлық кемшіліктерді жоюды тапсырып, сыртқы талдаумен берілген ұсыныстар сапалы орындалсын, деді.