Ордабасыда аудан бюджетінің жергілікті кірістері жыл сайын артып отыр. Биылғы жыл кіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд. 874 млн. теңгеге артығымен орындалған. Аймақта атқарылған шаруалар мен жетістіктерді аудан әкімі Азат Оралбаев БАҚ өкілдеріне баяндады.
2024 жылдың бюджет көлемі 19,3 млрд.теңге, оның ішінде, өзіндік кірістер 5,7 млрд.теңге немесе 30,3%-ды құрайды . Ағымдағы жылдың 11 айымен кірістердің жоспары 102,5%-ға немесе 129,3 млн.теңгеге артығымен орындалған. Соңғы 2 жылда өзіндік кірістердің үлесі 7%-дан 31%-ға артыпты.
АЗАТ ОРАЛБАЕВ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
- Жан басына жаққанда ЖӨӨ – 1 183 мың теңге өнеркәсіп өнім көлемі 11%-ға арты 39,9 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде қайта өңдеуге үлкен басымдық берілуде.Есепте кезеңге өңдеу өнеркәсібінде 36,4 млрд.теңгенің өнімі өндірілді.
Ауданда әлеуметтік осал топты тұрғын үймен қамту жұмыстары қарқынды. Бүгінгі күнге үй кезегінде 2 223 адам тіркелген. Кезектегі тұрғындарды тұрғын үймен қамту мақсатында жеке инвесторлардың есебінен Темірлан елді мекенінде 1 қабатты 26 және 3 қабатты 3 арендалық тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда, 1 қабатты 40 пәтердің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған.
ОЛЖАС БОЛАТХАНҰЛЫ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Осы тұрғын үйлер сол санаттағы азаматтарға берілетін болады.
Ордабасы ауданының экономикасының негізін ауыл шаруашылығы саласы құрайды. Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында 66,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104,7 пайызды құраған. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 456 гектарға 162 жоба жүзеге асырылып, 19 560 тонна көкөніс, бақша өнімдері жиналыпты. Аудан бойынша 6 400 гектар жерге мақта дақылы егіліп, 21 120 тонна өнім жиналып, орта түсімі гектарына 33 центнер құраған.