Еңбекші ауданының әкімдігі жаңа жыл мерекесі қарсаңында балаларды қуантты. Көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы 100 балаға жаңа жыл шыршасын ұйымдастырып, сый-сияпат жасады. Фиркан сити сауда үйінде өткен мерекелік кешке демеушілер атсалысқан.
Еңбекші ауданының тұрғыны Қалдықыз Таңатарова 5 баланың анасы. Екі перзенті кәмелет жасына толған. Қалған үшеуі аудан әкімдігі ұйымдастырған іс-шараға қатысып отыр. Көпбалалы ана балаларға мерекелік көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.
ҚАЛДЫҚЫЗ ТАҢАТАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
- Еңбекші ауданының әкімдігіне көп рахмет. Осы балаларымызға елка ұйымдастырып ақшақармен аяз атаны алып келіп балалардың көңілі көтеріліп жатыр, сыйлықтар беріп жатыр. Көп рахмет. Барлықтарыңызды жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.
Еңбекші ауданының шыршасы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Кезекті мерекелік шараға аудан аумағындағы 100 бүлдіршін қатысты. Көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларының қуанышына аяз ата мен ақшақар және түрлі жыл иелері ортақтасты.
Жалпы еңбекші ауданы бойынша биылғы мерекелік іс-шараға 500 бала қатыстырылады. 26 желтоқсан күні 200 бүлдіршінге шырша ұйымдастырылып, сый-сыяпат жасалса, 26 желтоқсан күн оқушылар сарайында тағыда 200 бала шырша шамын жағатын болады.
ДОСАЛЫ АМАНГЕЛДІ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Балаларды құттықтауға аудан әкімі, ауданымыздан сайланған депутаттарымыз балаларды құттықтап ыстық лебіздерін білдіреді. Жалпы бұдан бөлек те біздің іс-шараларымыз болып жатыр. Биыл жаңа жылқарсаңында 500 ден аса үл қыздарымызды қамтимыз деген жоспар бар.
Жаңа жылдық шырша қатысушыларының барлығына сыйлық үлестірілді. 100 бүлдіршінге тарту етілген сый сыяпатқа кәсіпкерлер демеушілік жасап отыр.