Түркістанда ерекше балаларға арналған шырша тойы өтті. Мерекелік кеште қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы 100-ге тарта балаға сыйлық беріп, қуантты. Жаңа жылдың ең айрықша мерекесінде Оңалту орталықтарының балғындары ертегі кейіпкерлерімен ән шырқап, би биледі.
 Түркістанда балаларға арналған Оңалту орталықтары мен үйде білім алатын балалардың саны көп. Олар ерекше жаратылыс иелері. Осындай жандарға арналған кешке     қала әкімі арнайы қатысып, балаларға қуаныш сыйлады.
Бұл кеште әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары да шет қалмады. Ерекше балғындарды күтіп-баптап отырған ата-аналардың да қуанышы ерекше.
 Айтып өтейік, демалыс күндері Түркістан қаласының бас шыршасының шамы жағылған болатын. Соның аясында көптеген іс-шаралар өткізіліп келеді. Соның негізгісі – ерекше балаларға арналған кеш болды