Шымкентте ашылған «Шахматшылар үйінде» бір мезетте 40 қария шахмат ойнай алады. Бұған дейін «Орталық саябақ» маңындағы ақсақалдар ашық аспан астында, әр жерде шоғырланып отыратын. Ал енді олардың тілегі орындалып, демеушілердің көмегімен ғимарат Әбдіраш Ташманов 15 жылдан бері шахматшылар клубының мүшесі. Оның айтуынша, ақыл-ойды дамытатын ойынмен уақыт өткізу - қарияларға өте пайдалы. Қарттардың белсенді өмір сүру салтын қамтамасыз етіп, бос уақытын тиімді жұмсауына мүмкіндік береді.
ӘБДІРАШ ТАШМАНОВ, ЗЕЙНЕТКЕР   
-  «Орталық саябақта біраз жылдан бері шахмат ойнаймын. Қолымыз бос кезде келеміз. Ардагерлердің бәрі осында жиналады. Уақытымызды өткізіп, әңгімелесеміз, дидарласамыз. Бұның өзі бір ғанибет. Шахмат ақыл ой жүйесін дамытып, есте сақтау қабілетін арттырады»
Шымкенттегі шахмат клубы 8 жылдан бері ресми түрде жұмыс істейді. Құрамында 50-ге жуық адам бар. Күніне 20-30 шақты азамат түрлі уақытта шығып, бір-бірмен шахмат ойнайды. Әңгіме дүкен құрып, бос уақытын белсенді, тиімді өткізуге тырысады.
НҰРМАН ҚОНЫСБЕКОВ, ШАХМАТ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ         
-   «Күнде 50 адам келмейді ғой, мына жерде 40 адамға арналған орын бар. Сол күніне 30-40 адам келіп ойнайды. Тазалық мәселесіне арнайы қызметкер алып жатырмыз, айлық алады. Буфет болады мына жерде, ақсақалдар арасында осы жерге отырып, шайын ішеді»
 Ақсақалдардың айтуынша, осындай жобалар тұрғындарға жайлы орта құру үшін аса қажет. Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, халық денсаулығының жақсаруына оң ықпал етеді. Қариялар «Шахматшылар үйі» - жайлы әрі пайдалы уақыт өткізуге таптырмас орын» деп баға беріп отыр.