Түркістан облысы мәдениет басқармасының музыкалық-драма театры «Шейх Санаан. Fatum» спектаклінің тұсауын кесіп, көрермен назарына ұсынды. Қойылым Парсы-тәжік әдебиетіндегі танымал ойшылдарының бірі Фаридуддин Аттордың шығармасына негізделген.
Қойылымды Тәжікстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Орталық Азиядағы танымал театр режиссерлерінің бірі, драматург Барзу Абдураззоков сахналады. Хикая – адамның сенім, махаббат және өзіндік ізденіс жолындағы күрделі тағдырын көрсетеді. Спектакль оқиғасы көрерменді рухани сұрақтарға жетелеп, өмір мен сенім арасындағы арпалысқа шақырады. Махаббат адамды жоғалта ма, әлде оны жаңа әлемге жетелей ме? Бұл сұрақтың жауабын көрерменнің өз еншісіне қалдырдық, - дейді ұйымдастырушылар.