Қазақстанда ресми түрде жаңа мереке бекітілді – 23 сәуір – Ұлттық кітап күні!
Бұл күн Үкімет Қаулысымен белгіленіп, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес пайда болды. Ұсыныс үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында көтерілген болатын. Мақсат – қоғамда оқу мәдениетін дамыту, кітапқа деген қызығушылықты арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу. Ұлттық кітап күні – бұл тек оқырманның емес, барша қоғамның рухани жаңғыруына арналған күн. Кітап – тәрбие құралы, білімнің бұлағы, ұлт жадының айнасы. Әрбір оқылған автор туындысы адамның ішкі әлемін байытып, танымын кеңейтеді. Қазақ халқының бай әдеби мұрасы – ұрпаққа аманат.