Шетелдік көлікті заңдастырып беремін деп алаяқтық жасаған күдікті ұсталды. Төлебилік полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды қолға түсірді.
Тергеу барысында күдіктінің Toyota Alphard автокөлігін Армения тіркеуінен шығарып, қазақстандық нөмірге ресімдеп беремін деп уәде бергені анықталды. Жәбірленушінің сеніміне кіріп, одан 500 мың теңге қаражат алған. Алайда, ақшаны алған соң бір жылдан астам уақыт байланысқа шықпай, уәдесінде тұрмаған. Тәртіп сақшылары күдіктінің мұнымен ғана шектелмей, басқа да алаяқтық қылмысқа қатысы барын анықтады. Қазіргі таңда оның ісі сот қарауына жолданды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары аяқталып, іс құзырлы органға тапсырылған.