Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар легі жалғасып жатыр. Қаланың қақ төрінде өткен «Бір сұраққа – бір кітап» акциясына білімгерлер мен белсенді жастар қатысты.
Іс-шара барысында А.Құнанбаев, М.Әуезов, С.Сейфуллин мен Ә.Нұршайықовтан өзге бірқатар классик жазушыларының шығармаларынан үзінділер сұралды. Әрбір қатысушы өзі таңдаған сұраққа жауап беру арқылы бір кітапқа ие болды. Бұл тәсіл жастардың ғана емес, егде жастағы оқырмандардың да қызығушылығын оятып, ерекше форматтағы оқу мәдениетінің бір үлгісін көрсетті. Айта кетейік, жиынға AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, қалалық мәслихат депутаты Лазиз Сулайманов, партия қызметкерлері, кітапхана мамандары мен жоғары оқу орындарының студенттері төбе көрсетті.
АЛМАС БАУЫРЖАНҰЛЫ, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТР-ОҚЫТУШЫСЫ
--- Адам мен адамды теңестіретін білім. Кітап оқу. Бүкіл тегін ақыл - Кітапта. Сол арқылы дүниені таниды. Сол арқылы адам өзінің ішкі болмысын таниды, әлемді таниды, әлемді таниды. Неге оқымасқа ондай кітаптарды