Мегаполистің аспанын әнмен көмкеріп, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын «Шымқала кештері» жалғасып жатыр. Әр сенбі-жексенбі күндері тұрғындардың кешкі сейілін қуанышқа бөлейтін концерттің кезекті санына тілшілер де қатысып қайтқан болатын. Бейнесюжетке кезек берсек.
Сенбі кешінде «Шымсити» саябағында өткен концертке келушілердің қарасы қалың. Шаһардың аптап ыстығында субұрқақты жағалай демалуға келген тұрғындарға «Шымкент концерт» концерттік ұйымының шығармашылығы ерекше әсер сыйлады.
ЖЕҢІС ЕРМАК, ҚАЛА ҚОНАҒЫ
Шымкент керемет қала. Қыдырып келіп қалдық. Ұнап жатыр. Концерт қандай керемет.
Бұл кеште әртістер халық жүрегінен орын алған ескі әндерді шырқады. Жергілікті ақын-компазиторлардың үздік шығармаларын нақышына келтіріп орындады.
БАЙКЕН ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, ӘНШІ
Біз осы халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға қашанда дайынбыз. Халық көп келіп жатыр. Бұл да бізді қуантады.
Айтып өткен жөн, «Шымқала кештері» концерті қаланың халық көп шоғырланатын нүктелерінде бір мезетте қатар өткізілді. Оны ьамашалауға мыңдаған халық жиналып, жергілікті өнер иелерінің шығармашылығын жоғары бағалап жатты.